Мемлекеттік қызметкерлер 507 млн теңгесін құмар ойынға жұмсаған

629

Мемлекеттік қызметкерлер 507 млн теңгесін құмар ойынға жұмсаған. Бұны Алматы облысының прокуратурасы казинолар мен ойын автоматтарының жұмысын тексеру кезінде анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.  

Мемлекеттік қызметкерлер 507 млн теңгесін құмар ойынға жұмсаған Фото: alataugazeti.kz

Құзырлы орган дерегінше, 305 мемлекеттік қызметкер құмар ойынның қармағына ілінген. Тізімде Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі мен Қаржы министрлігі көш бастап тұр. Қызметкері ойынқұмар ведомстволардың ішінде Жоғарғы Сот, Қаржы мониторингі агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі де бар. Казиноға барудан жергiлiктi атқарушы орган мамандары да қалысар емес.

Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің құмар ойынға жұмсаған қаражаты:

ҚР Iшкi iстер министрлiгi – 97 млн;

ҚР Қорғаныс министрлігі – 95 млн;

ҚР Қаржы министрлігі – 25 млн;

ҚР Жоғарғы Соты – 7 млн;

ҚР Қаржы мониторингі агенттігі – 15 млн;

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі – 3 млн;

Жергiлiктi атқарушы органдар – 36 млн;

Басқа мемлекеттік органдар – 27 млн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу