Мемлекеттік қызметкерлер "Бастау бизнес" жобасына қатыса алмайды

1003

"Бастау бизнес" жобасына қызығушылық танытқан азаматтар бір аптада 1432 бірыңғай нөміріне 6 624 рет қоңырау шалынып, 555 SMS-хабарлама жолдады. 

Мемлекеттік қызметкерлер "Бастау бизнес" жобасына қатыса алмайды

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми өкілі Бибүгіл Нысанбаева осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның сөзінше, "Бастау бизнес" жобасы қажетті бизнес-идеяны таңдауға, бизнес-жоспар әзірлеуге сонымен қатар сатуды жолға қоюға көмектеседі. 

Айта кетейік, "Бастау бизнес" жобасы аясында елімізде 144 мың бизнес-жоспар жүзеге асырылды. 60 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Кәсіп бастаған азаматтардың 93% тұрақты түрде салық төлейтін болды. 

Біле жүріңіз, "Бастау бизнес" бағдарламасына жұмыссыздар, еңбекке жарамды мүгедектер, жастар, оның ішінде NEET санатындағы қыз-жігіттер, аз қамтылған немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері, зейнет жасына жетпеген ауылшаруашылық кооперативтерінің мүшелері, шаруа қожалықтарының иелері сондай-ақ қандастар қатыса алады. 

Айта кетейік, кәсіпкерлік қызметпен айналысуына шектеу қойылғандықтан 
мемлекеттік қызметкерлер "Бастау бизнес" жобасына қатыса алмайды. 
Бұдан бөлек бала күтіміне байланысты демалыста жүрген аналар мен орта, арнайы, жоғары оқу орындарының студенттеріне де курсқа қатысуға рұқсат берілмейді. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу