Мемлекеттік қызметкерлер манипуляциялық әдіс-тәсілдер қолдануы мүмкін бе?

954

Орталық коммуникациялар қызметінде жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Мемлекеттік қызметкерлер манипуляциялық әдіс-тәсілдер қолдануы мүмкін бе?

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Мемлекеттік қызметкерлер қосымша табысын көрсетпеуі үшін жылжымайтын мүлік немесе басқа да объектілерін таныстарының, туыстарының атына жазуы мүмкін. Сондықтан декларациялау 2025 жылға дейін бірнеше кезеңмен жүргізіледі деп жоспарланды. Алдағы жылдарда барлық азамат декларациялаудан өтеді. Демек, манипуляциялау схемалары болуы мүмкін емес", – деді Жайдар Іңкәрбаев.

"Хабар 24" журналисі: "Дер кезінде декларация тапсырмағандарға қандай шара қолданылады?", – деп сұрады.

"Бірінші кезеңде декларация тапсырмаған азаматтарға ескерту беріледі. Екінші рет қайталанса, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады", – деп жауап берді Жайдар Іңкәрбаев.

Айта кету керек, декларациялаудың бірінші кезеңінде мемлекеттік қызметкерлер, оларға теңестірілген азаматтар және осы тұлғалардың жұбайлары декларациялаудан өтті.

Келесі кезеңде (2023 жыл 1 қаңтардан бастап) мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері мен олардың жұбайлары декларация мен міндеттемелерін тапсырады.

2024 жылдан бастап бизнес өкілдері (яғни заңды тұлғалар): жеке кәсіпкерлік басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары тапсырады. Ақырғы кезең 2025 жылы басталады. Сол кезде қалған азаматтар декларациясын тапсырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу