Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына бөлінетін қаржы 20 млрд теңгеге көбейтіледі. Осылайша, жалпы айлыққа бөлінген қаржы 1,32 трлн теңгеге жетіп отыр. Бұл қаржының 8,6 млрд теңгесі міндетті медициналық сақтандыру қорына бөлінуі тиіс.
Сарапшылар негізгі қордағы ақшаның 22%-ы мемлекеттік сектордың үлесі дейді. Яғни, шамамен 12,4 млрд теңге мемлекеттік басқармадағы қызметкерлерге тиесілі.
Бүгінде елімізде 98 мың 900 мемлекеттік қызметкер бар. Соның 53 мыңы орталық органдарда жұмыс істесе, 46 мыңы жергілікті әкімдіктердің қызметкерлері.
Автор: Еркін Шәкірұлы
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу