Мемлекеттік қызметкерлердің алатын пара мөлшері анықталды

1637

Мемлекеттік қызметкерлердің алатын пара мөлшері анықталды

Кедендік әкімшілікте пара беру 588 мың теңгеден бастап 2,2 млн теңгеге дейін барады. Бұл "іскерлік климат" ұйымы жүргізген зерттеу нәтижесінде белгілі болған ақпарат. Келтірілген мәліметке сүйенсек, жер қатынастары саласындағы қызметкерлер 539 мыңнан 2,1 млн теңгеге дейін ақша сұратады екен. Құрылыс және сатып алу ісінде пара мөлшері 295 мың мен 1,2 млн

теңге аралығында болып шыққан. Есесіне, мемлекеттік қызметкерлер арнайы қорға жыл басынан бері 317 сыйлық өткізген. Оның жалпы құны 3,2 млн теңгені құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда берілген сыйлық мөлшері 2 жарым есеге артып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу