"Мемлекеттік қызметкерлердің күнделікті жұмысы нәтижеге жетуге бағытталмаған"

880

Мемлекет органдарының күнделікті жұмысы алға қойылған міндетке, нәтижеге жетуге бағытталмаған. Қызметкерлер ағымдағы операцияларды ғана орындайды.

"Мемлекеттік қызметкерлердің күнделікті жұмысы нәтижеге жетуге бағытталмаған"

Бұл туралы "мемлекет аппараты қызметін бюрократиядан арылту" тақырыбында өткен баспасөз конференциясында стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова айтты.

Оның айтуына қарағанда, бір жұмыс бір-біріне бағынбайтын мекемелерге тапсырылады. 

"Мысалы, елді мекенді сумен қамтамасыз етуге – әкімдік, ал оның инфрақұрылымын жүргізуге орталық мемлекеттік орган жауап береді. Екеуінің бірі жұмысын дұрыс орындамаса, елді мекен сусыз қалады", дейді Шайымова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу