Мемлекеттік қызметкерлердің штат саны қысқарады

5425

Премьер-министр "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" және "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Үкімет қаулыларына өзгерістер енгізу туралы қаулыға қол қойды. 

Мемлекеттік қызметкерлердің штат саны қысқарады Фото: tass.ru

Құжатқа сәйкес, 2022 және 2023 жылдары мемлекеттік қызметкерлердің штат саны қысқарады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өзгерістер жергілікті атқарушы органдар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдерінің орынбасарларының шекті санына лимит енгізуге қатысты. Сондай-ақ қаулыда министрліктер мен басқа да орталық атқарушы органдар штатының лимитін өзгерту көзделіп отыр.

Штат санының жаңа лимиті "қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгімен көрсетіледі.

"Орталық және жергілікті атқарушы органдарға:

1) 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы қаулыға 1 және 3-қосымшаларда көрсетілген штат санының лимиттеріне сәйкес штат санын қысқарту жөнінде жұмыс жүргізсін;

2) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы қаулыға 2 және 4-қосымшаларда көрсетілген штат санының лимиттеріне сәйкес штат санын қысқарту жөнінде жұмыс жүргізсін", - деп жазылған қаулыда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу