Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 30%-ға өседі

5705

 Бұл өзгеріс 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілмек. Бұл туралы үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz. 

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 30%-ға өседі

Айтуынша, бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы биыл да өседі. 

"600 мың мұғалімнің жалақысының 25%-ға, 247 мың медициналық қызметкердің біліктілік деңгейіне байланысты 20%-дан 30% -ға дейін өсті. 21 мың штат бірлігін қамтитын әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 50% өсті", – деді Асқар Мамин.

Премьер-министр 82 мың мемлекеттік қызметкердің жалақысы көтерілетінін де атап өтті.

"1 шілдеден бастап жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін 1,9 есе.  2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін 2024 жылға дейін жыл сайын 30%-ға жалақы көтеріледі. Жалпы, мұғалімдердің орташа айлық жалақысы 234 мың теңгеге дейін, дәрігерлер 320 мың теңгеге дейін, әлеуметтік қызметкерлер 180 мың теңгеге дейін, мемлекеттік қызметкерлер 267 мың теңгеге дейін өседі", – деді Асқар Мамин.
 Жалпы 6 ай ішінде елдегі орташа айлық жалақы 233 мың теңгені құрады

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу