Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы кемі үш жылда бір рет көтеріледі

116

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай айтты.  

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы кемі үш жылда бір рет көтеріледі Фото: kzvesti.kz

Бүгін Мәжілісте "ҚР мемлекеттік қызметі туралы" заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Заңды талқылау барысында депутат Қарақат Әбден мемлекеттік қызметшілердің жалақысына қатысты мәселе көтерді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Депутаттың айтуынша, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы инфляция деңгейіне ілесе алмай отыр.

"Соның салдарынан тәжірибелі әрі білікті мамандар мемлекеттік қызметтен кетіп, жеке секторды таңдайды. Осыған байланысты заң жобасында мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысын кемінде үш жылда бір рет индексациялау ұсынылған. Егер де индексация жасалатын болса, қандай көрсеткіштер негізге алынады?", – деп сұрады Қ.Әбден сала басшысынан.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай мемлекеттік қызметшілердің жалақысын индексациялау жоспары осы заң аясында көзделгенін айтты. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы үш жылдан кейін біртіндеп өсуі мүмкін.

"Қазіргі таңда басты мақсат – мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы жеке сектордағы еңбек нарығымен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметшілердің жалақсысын индексациялауды 2029 жылдан бастап көздеп отырмыз. Осыған байланысты заң жобасына тиісті өзгерістер енгізіліп отыр", – деді Дархан Жазықбай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу