Мемлекеттік қызметкерлерге, қауіпсіздік қызметкерлеріне және әскери қызметшілерге казиноға баруға шектеу қойылады

512

Жоба 28 тамызға дейін "Ашық НҚА" порталында талқыға салынбақ.

Мемлекеттік қызметкерлерге, қауіпсіздік қызметкерлеріне және әскери қызметшілерге казиноға баруға шектеу қойылады Фото: kazface.kz

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Президенттің кейбір жарлықтарына мемлекеттік, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және әскери қызметшілерге ойын мекемелеріне барудан бас тартуға нұсқау беретін түзетулер жобасын әзірледі, деп хабарлайды Inbusiness.kz. 

"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Жарлық жобасы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің ойын мекемелеріне баруына шектеулерді белгілеу туралы тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленді", - делінген жобада.

Осыған байланысты, осы түзетулермен қызметтік әдеп нормаларының талаптарын сақтау шеңберінде әскери қызметшілерді, мемлекеттік қызметкерлерді, құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерін "Ойын бизнесі туралы" заңда көзделген ұйғарымға жататын ойын мекемесіне барудан бас тартуға ынталандыруға бағытталған ұсынымдық сипаттағы нормаларды енгізу ұсынылады.

Алайда, мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін қызметтік қажеттілік бойынша казиноға бара алады. Әскери қызметшілер үшін ондай жеңілдік қарастырылмаған.

Жоғарыда аталған жобаға сәйкес Президенттің 3 Жарлығына өзгерістер енгізу көзделген:

"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы";

"Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексін бекіту туралы";

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу