Мемлекеттік қызметкерлерге смартфон ұстауға рұқсат берілетін болды

1938

Енді алдағы уақытта жұмыс орнына смарфтон әкелген қызметкер алдын ала арнайы ұялы қосымшаны орнатуға тиіс. Ол қосымша орнатылмаса, смартфонды алып кіруге болмайды.

Мемлекеттік қызметкерлерге смартфон ұстауға рұқсат берілетін болды

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс уақытында смартфон ұстауға рұқсат беріледі. Алайда рұқсаттың өзіндік шарттары болмақ. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев мәлім етті, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметкерлердің смартфон ұстау құқығы үкіметтің қаулысымен бекітіліп қойған екен. Қазір смартфонның бірқатар функцияларын жұмыс уақытында шектеудің нұсқалары тестіленуде.

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың наурыз айынан бастап мемлекеттік органдардың ғимараттарында смарфтон, планшет, смарт-сағаттарды пайдалануға тыйым салынған болатын. Мұндай орындарда қоңырау шалу, қабылдау және хабарлама жазу секілді мүмкіндіктерді ғана қамтитын ұялы телефондар қолданылатын.

Енді алдағы уақытта жұмыс орнына смарфтон әкелген қызметкер алдын ала арнайы ұялы қосымшаны орнатуға тиіс. Ол қосымша орнатылмаса, смартфонды алып кіруге болмайды. Аталмыш ұялы қосымша смартфонның фото және видеоға түсіру функцияларын уақытша бұғаттайды екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу