Мемлекеттік қызметшіге сыйлық сыйлауға болмайды

736

Сенат мәжіліске қайтарған заң жобасы қабылданды. 

Мемлекеттік қызметшіге сыйлық сыйлауға болмайды

Мәжіліс сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған құжатқа сенат енгізген толықтырулармен келісті. Осылайша өзгеріс енгізілген құжат заңды күшіне ие болды.

"Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын 2020 жылғы 3 маусымда мақұлдады. Сенат енгізген өзгерістер мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейді және мазмұнын нашарлатпайды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінен түзетулерді алып тастау – осы кодекске жеке заңмен ғана өзгерістер немесе толықтырулар енгізуді талап ететін норманың 2020 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енуіне байланысты комитетке келіп түскен өзгерістер жан-жақты қаралды. Осыған орай халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті сенат енгізген өзгерістермен келісуді ұсынады", – деді депутат Жанат Жарасов.

Айта кетейік, биыл 17 қыркүйекте сенаттың жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда талқылады. Іс барысында құжатқа толықтыру енгізіліп, заң жобасы мәжіліске қайтарылды. 
Құжат сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал етуді көздейді. 
Оның ішінде мемлекеттік қызметшіге сыйлық сыйлауға тыйым салады. 
Сондай-ақ өзіне сыбайлас жемқорлық шектеулерін қабылдайтын адамдардың отбасы мүшелеріне материалдық сыйлықақы, сыйлық алуға шектеу қояды. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу