Мемлекеттік қызметшілер қандай әлеуметтік қолдауға ие?

247

Мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және мемлекеттік органдардың ұтымды құрылымын қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасып келеді. 

Мемлекеттік қызметшілер қандай әлеуметтік қолдауға ие? Фото: gov.kz

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біріншіден, басқа елдімекенге ротацияланған қызметшіге тұрғын үй жалға алуға арналған төлем жүргізіледі. Бұл ротация институтын жандандыруға бағытталған. Бүгінде ротацияланған қызметшілер төлемдерін ала бастады. Атап айтқанда, қазіргі кезде осы мүмкіндікті 9 мемлекеттік қызметші пайдаланды. Екіншіден, ауылдар, кенттер және ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау мақсатында "Дипломмен – ауылға" бағдарламасы іске асырылуда. Үшіншіден, Б корпусы қызметшілерінің қызметін бағалаудың жаңа форматы тоқсан сайын тиімділікті өлшеудің озық құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі", - деді Азамат Жолманов.

Агенттіктің дерегінше, 2023 жылы аталған бағдарлама шеңберінде 240-қа жуық қызметші жергілікті бюджет есебінен көтерме жәрдемақы алды. Қазір агенттік арнайы тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға құқығы бар адамдар қатарына мемлекеттік қызметшілерді қосу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу