“Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы” Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Құжатқа сәйкес, Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне (В-3 санатына) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі және Жоғары аудиторлық палатасының сектор меңгерушісі лауазымдары енгізілмек.
“Жоғары аудиторлық палата аппаратында Лауазымдар тізіліміне сәйкес В-3 санатына жататын лдауазымдардың жоқ екенін атап өткен жөн. Меритократия қағидатын табысты іске асыру, Жоғары аудиторлық палата жұмыскерлерін ынталандыру мақсатында сектор меңгерушілерінің, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатасы Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі лауазымдарын Лауазымдар тізіліміне тиісті өзгеріс енгізу жолымен В-3 санатына жатқызуды ұсынамыз”, - делінген құжатқа түсіндірме жазбада.
Құжатты ашық талқылау 24 мамырға дейін жалғасады деп көрсетілген.