Мемлекеттік қызметшілердің компьютерін автоматты сөндіру жүйесі енгізілді

1444

Мемлекеттік қызметшілердің компьютерін автоматты сөндіру жүйесі енгізілді

Қазақстанның 10 министрлігінде жұмысты белгіленген уақыттан артық атқарумен күресу мақсатында мемлекеттік қызметшілердің компьютерлерін автоматты сөндіру жүйесі енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Мемлекеттік қызметшілердің артық істелген жұмыс уақытын қысқарту мақсатында бірқатар мемлекеттік органда (әділет, дін істері және азаматтық қоғам, денсаулық сақтау, сыртқы істер, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, инвестициялар және даму, энергетика министрліктерінде) жұмыс уақыты біткен соң компьютерлерді, бірыңғай электронды құжатайналым жүйесін автоматты сөндіру жүйесі енгізілді", - деп мәлімдеді ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен.

"Арнайы жүргізілген мониторинг барысында бірқатар министрлік және облыс, аудан әкімдіктеріндегі мемлекеттік мекемелерде қызметшілердің жұмыста ұзақ қалу фактілері анықталды", - дейді агенттік өкілдері.

2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айында мемлекеттік қызметшінің жұмыс уақыты бұзылуының 306 фактісі анықталды, сондай-ақ 26 мемлекеттік органда күндік еңбек тәртібі ережелері болмай шықты. Осыған байланысты 335 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.
Қазақстанда мемлекеттік қызметте "Time-management" жүйесінің енгізілуіне қатысты агенттіктегілер ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясымен бірге жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Биыл "Time-management" бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және оларды қайта дайындау аясында басшы лауазымында жұмыс істейтін 300 қызметші оқыған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу