Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 1 маусымнан бастап көбейеді

2401

Азаматтық және мемлекеттік қызметшілердің жекелеген  санаттарының жалақысын 30 пайызға арттыру мерзімі 1 шілдеден 1 маусымға ауыстырылды. 

Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 1 маусымнан бастап көбейеді

Биыл республикалық бюджет шығыстары бекітілген соммадан 1,2 трлн теңгеге артып, 11,9 трлн теңгені құрамақ. Бүгін Парламент осыған қатысты енгізілген толықтыруларды қабылдады, деп хабарлайды Atameken Business.

Естеріңізде болса, өткен аптада Сенат заң жобасына Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес түзетулер енгізген болатын. Осы орайда азаматтық және мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын 30 пайызға арттыру мерзімі 1 шілдеден 1 маусымға ауыстырылды. Өзгерістерге сәйкес медицина қызметкерлерінің еңбекақысы 48-ден 64 мыңға дейін өседі. Ал, орта санаттағы жұмысшылардыкі 76 мыңнан 99 мың теңгеге артады. Білім министрлігінде тек төмен жалақы алатындардың еңбекақысы жоғарлайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу