Мемлекеттік қызметшілердің жұмыста шай ішіп, темекі тартуға жұмсаған уақыты есептеледі

1309

Мемлекеттік қызметшілердің жұмыста шай ішіп, темекі тартуға жұмсаған уақыты есептеледі

Мемлекеттік қызметшілерге жұмыста шай ішіп, темекі тартуға тыйым салынбайды. Тек олар жұмыс уақытын тиімді пайдалануды үйренуі керек. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова айтты.

"Жұмыс уақытын бақылау жөнінде өткен аптадағы брифингте айтылды. Яғни, ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Қазір мемлекеттік басқару академиясының бағдарламасына оқыту курсы, былайша айтқанда, тайм-менеджмент енгізілді. Оның аясында әрбір мемлекеттік қызметші өзін-өзін тәртіпке салу, өз жұмыс уақытын бақылау дағдыларын үйренеді. Тиісінше, ешқандай жауапкершілікке тарту шаралары қолданылмайды. Заңды түрде шай ішуге немесе темекі тартуға ешқандай талаптар қойылмайды", – деді агенттік төрағасының орынбасары.

Осыған дейін Айгүл Шайымова мемлекеттік органдарда қызметкерлердің шай ішу мен темекі тартуға жұмсаған уақыты есептелетінін мәлімдеген еді.

BNews.kz 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу