Мемлекеттік қызметте жастардың қатары артып келеді

1326

Мемлекеттік қызметте жастардың қатары артып келеді

Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің әрбір төртіншісі - 29 жасқа дейінгі жас маман. Бұл туралы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтемемен ҚазАқпарат хабарлайды. 

Атап айтқанда, "Мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Заңның 1-бабы 3-тармақшасына сәйкес, жастар деп Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары танылады.

"Қазіргі таңда жастардың мемлекеттік қызметке қызығушылығы өте жоғары деуге болады, оны осы бағыттағы көрсеткіштер растайды. 2016 жылы өткізілген конкурстың барлық (28 690 үміткердің) қатысушысының 66,4 пайызы (19 072 адам) және 11 165 тағайындалған адамнан 6 828-і (61,1%) 29 жасқа дейінгі азаматтар болды. Ал 2017 жылы өткізілген конкурсқа (31 952 үміткердің) қатысушылардың 65,7 пайызы (20 996 адам) және 12 274 тағайындалған адамның 7632-сі (62,1%) жастар қатарынан алынды", - делінген агенттік мәліметінде.

Жалпы, бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілердің әрбір төртіншісі - 29 жасқа дейінгі маман. Яғни барлығы  91 830 қызметшінің 23 601-і немесе нақты санның 25,7 пайызы жастар болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу