Мемлекеттік қызметтегі тұлғаның туыстарына да сыйлық алуға тыйым салынбақ

1039

Егер алса, онда барлығы жауапқа тартылуы мүмкін.  

Мемлекеттік қызметтегі тұлғаның туыстарына да сыйлық алуға тыйым салынбақ

Енді мемлекеттік қызметкердің өзі ғана емес, сондай-ақ туыстары да сыйлық алуын доғаруы қажет, деп хабарлайды Atameken Business.

Әрі бұдан былай мемлекеттік қызметке қабылданатын азамат өзінің тікелей басшысына сол мекемеде онымен бірге жұмыс істейтін туысының бар-жоғы жөнінде ақпартты да беруге міндеттеледі. Бүгін осы сынды күрделі өзгертулер жасалған "Жемқорлық туралы" заң жобасы Мәжіліс депутаттарына  таныстырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектеновтің айтуынша, Ұлттық бюро "Азаматтық кодекстегі" 509-шы баптың да өзгертілуін қалайды. Себебі бұл бап "Жемқорлық туралы" заңға қайшы. Яғни, онда мемлекеттік қызметтегі адамға құны 10 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сыйлықты беруге рұқсат делінген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу