Мемлекеттік қызметтен шеттетілген азаматтар декларация тапсыра ма?

1444

Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінде алдымен мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары кірісі мен мүлігі туралы есеп беруі тиіс.  

Мемлекеттік қызметтен шеттетілген азаматтар декларация тапсыра ма?

Ал әртүрлі себептермен мемлекеттік қызметтен шеттетілген тұлғалар декларация тапсыра ма? Заң бойынша 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдар жұмыстан шығарылғаннан кейін үш жыл ішінде тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыруға міндетті болатын. "Жалпыға бірдей декларацияның енгізілуіне байланысты 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мемлекеттік қызметтен шеттетілген азаматтар үшін кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру тоқтатылады", – деп хабарлайды ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, биыл елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы кезеңі басталды. Бұл құжаты барлық қазақстандық тапсырады. Декларациялау төрт кезең бойынша жүзеге асырылады.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу