2018 жылдың 7 желтоқсан күні ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Шымкент қаласының әкімдігімен бірлесіп "Шымкент Плаза" сауда орталығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесін өткізді.
Жәрмеңкеде, азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттандыру, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау бойынша салалық кеңес берілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша қала әкімдігінің басқармалары, көші-қон салаларының уәкілетті өкілдерімен қатар, ХҚКО мен "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" жауапты мамандары кеңес берді.
Бұдан бөлек іс-шараға қатысқан қала тұрғындары жәрмеңке тақырыбына сәйкес Саз колледжінің студентерімен арнайы дайындаған флешмобты тамашалады.
Жәрмеңке барысында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндіріліп, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының "Электронды үкімет" порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі мен олардың қолжетімділігі туралы насихаттық жұмыстар жүргізілді.
Осылайша қаламыздың көрікті жерінде өткен жәрмеңке келушілердің көңіл күйін де шарықтатып, асқақ әсер сыйлаумен қатар цифрлық сауаттылық дағдыларын қалыптастырды.