Мемлекеттік қызметтердің 92% электронды түрде көрсетіледі

311

Ал 106-сын қағаз түрінде көрсету мүмкіндігі қарастырылған. 

Мемлекеттік қызметтердің 92% электронды түрде көрсетіледі Фото: Inbusiness.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде  Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Талдау аясында 64-ке жуық жасырын мемлекеттік қызмет анықталды, оларды жақын арада тиісті реестрге қосып, қажетті стандарттарын бекіту ұсынылды", – деді спикер. 

Айтуынша, бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет реестріне сәйкес 1353 мемлекеттік қызмет бар, оның 1247-сі немесе 92% электронды түрде көрсетіледі. Ал 106-сын қағаз түрінде көрсету мүмкіндігі қарастырылған. 

Бірақ электронды үкімет порталында 22 мемлекеттік қызметтің әлі күнге дейін қолжетімсіз. Оған 50 мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ақпараттық жүйелер өзара интеграцияланбағаны себеп.

"60 мемлекеттік қызметті көрсету барысында ақпараттық жүйелер функционалдарының кемшіліктері анықталды. Өкінішке орай, 32 мемлекеттік қызметті көрсету барысында ақпараттық жүйелердің тұрақты түрде техникалық ақаулары орын алуда", – деді агенттік өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу