Министр Бағдат Мусиннің айтуы бойыша, EGov Mobile мобильдік қосымшасында электроднық қызметтерді пайдалану екі есе өскен. Жыл соңына дейін мемлекеттік органдар есептер санын 20%-ға азайтуды жоспарлап отыр.
"Google-мен бірлесіп Silkway accelerator бағдарламасы іске қосылды. Қазақстан аталған бағдарлама бойынша Орталық Азия елдері үшін негізгі серіктес болып анықталды", – деді министр.
Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT-маман даярлау міндетін қойды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 22 мыңнан астам IТ-маман дайындалды. 2021 жылы 7 жекеменшік инновациялық IT-мектебі ашылды. Осы жылы жаңа 4 мектеп ашылады.