Мемлекеттік қызметтің 100-ден аса түрін үйден шықпай-ақ алуға болады

1139

15 сәуірге дейін ел аумағында төтенше жағдай режимі сақталады.

Мемлекеттік қызметтің 100-ден аса түрін үйден шықпай-ақ алуға болады

Елімізде коронавирустық инфекцияның таралмауы жөніндегі шаралардың қабылдануына байланысты азаматтар мемлекеттік қызметтің 100-ден аса түрін үйден шықпай алуына болады. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрова Telegram каналында мәлімдеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"Құрметті тұрғындар, елімізде коронавирустың таралмауы жөніндегі арнайы шаралардың қабылдануына байланысты қоғамдық орындарға барудан аулақ болу ұсынылады. Сондықтан сізге кейбір қызметтерді онлайн алуға болатындығын ескертеміз. Мысалға, сіз www.iqala.kz порталында үйден шықпай-ақ жарық, су, электр, телефон және қызметтердің 100-ден астам түрлерін қосуға келісім-шарттарға қол қоюға болады", – деді Малика Бектұрова.

Сонымен қатар Iqala порталында тұрғындарға лифт пен көлік карталарын толтырып, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, көлік салығын есептеуге, су есептегіштердің көрсеткіштерін тексеріп, қайырымдылыққа салым жасауға мүмкіндік жасалған. Ал Smart Astana қосымшасында карантинге қатысты барлық ақпаратты алуға болады. Одан бөлек, e.astana.kz порталында онлайн режимінде баланы кезекке қоюға немесе оның қозғалысын қадағауға, ПМПК емтиханына тіркелуге немесе бақшадан орын алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу