Мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік броньнан шығарылды

198

Атырау облысындағы күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Құлсары қаласынан Маңғыстау облысының қалалары мен аудандарына 26 мыңнан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік броньнан шығарылды Фото: ТЖМ

Уақытша орналастыру пункттерінде 2 мыңнан астам адам орналастырылды, қалған халық туыстары мен еріктілер үйлеріне эвакуацияланды.

"Бүгінгі күнге дейін, Үкіметтін тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті материалдық құндылықтар қорынан азық-түлік, төсек-орын жабдықтары және т. б. сияқты эвакуацияланған халық үшін материалдық құндылықтарды брондаудан шығарылып беріліп жатыр", - делінген Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу