"ТЖМ-нің құпияға жататын мәліметтер тізіліміне сәйкес, төтенше жағдайлардың, олардың салдарының алдын алу және жоюға арналған Мемлекеттік материалдық резервтегі материалдық құндылықтардың номенкулатурасы мен сақтау көлемі таратылуы шектелген ақпарат саналады. Осыған орай мемлекеттік резервтегі тауарлардың атауы мен санын ұсыну мүмкін емес", - деп атап өтеді ведомстводан агенттіктің ресми сауалына орай.
Сонымен қатар министрлік су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге аталған резервтен қандай көмек берілгеніне қатысты ақпаратты ұсынды.
"Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығына сәйкес, Ақмола, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарындағы төтенше жағдайдың салдарын жою үшін Мемлекеттік материалдық резервтен арнаулы және автомобиль техникалары (вахталық автомобиль – 1, бульдозер – 2, автобус – 1, балшық помпасы (тіркемелі) – 4, автоцистерна – 2, экскаватор, тартқышы бар трейлер, автосамосвал, іштей жанатын қозғалтқышы бар дәнекерлеу агрегаты) және төсек-орын жабдығы (төсек – 200, матрац – 200, жастық – 200, одеяло – 200, жастық қап – 200, жайма) бөлінді. Төтенше жағдайлар министрлігі жергілік атқарушы органдардан өтініш түсуіне орай мемлекеттік материалдық резервтен төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою үшін қажетті материалдық құндылықтарды босататын болады", - деді ТЖМ-нен.