Мемлекеттік мекемеде істейтін дәрігерлердің айлығы бәсекеге қабілетсіз

183

Бұдан бөлек емханада жұмыс істейтін дәрігерлердің жүктемесі де өте көп. 

Мемлекеттік мекемеде істейтін дәрігерлердің айлығы бәсекеге қабілетсіз Фото: freepik

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министр дәрігерлердің айлығына қатысты мәселеде біраз сұрақ бар екенін жасырмады. Сөзінше, соңғы 3 жылда медицина қызметкерлерінің жалақысы 2-2,5 есе артқан. 

"Жеке сектордың тез дамуына байланысты олар да дәрігерлердің тапшылығымен кездесіп отыр. Біздің мемлекеттік мекемеде жұмыс істеп жатқан дәрігерлердің айлығы бәсекеге қабілетті емес деп айтуға болады. Негізінен бұл мәселе денсаулық сақтау министрлігінің назарында, бүгінде тиісті есептер жүргізілді. Президент тапсырмасының аясында дәрігерлердің жалақысын жылына 30 пайыз, үш жылда 100 пайызға көтеру бойынша бағдарламасына сәйкес тиісті жұмыстарды жалғастыру міндеті тұр", – деді Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысынан кейінгі брифингте. 

Келесі мәселе – емханада жұмыс істейтін дәрігерлердің жүктемесі өте көп. 

"Тиісті қосымша ынталандыру коэффициенті бар. Біз қазір соны қайта қарап жатырмыз. Екінші жартыжылдықта атқарылып жатқан жұмыстың сапасына байланысты ынталандыру коэффиценттері көбейетін болады. Үшінші жолы – еліміздегі тапшы мамандардың жалақысын қосымша көтеру мәселесі де тиісті шешімдерін табу керек. Ұсыныстарымыз, есептеріміз дайын. Негізі бұл мәселемен айналысып жатырмыз", - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу