Мемлекеттік нысандарға шабуылдау нәтижесінде 1 259 табельді қару ұрланды – Бас прокуратура

627

Қаңтар оқиғасында құқық қорғау органдары ғимараттарына шабуылдау нәтижесінде 1 259 табельді қару ұрланған. 

Мемлекеттік нысандарға шабуылдау нәтижесінде 1 259 табельді қару ұрланды – Бас прокуратура

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Құқық қорғау органдары ғимараттарына шабуылдау нәтижесінде 1 259 табельді қару ұрланды. Соның ішінде автоматтар, тапаншалар мен гранатометтар болды. Мысалы, Алматы облысында полиция департаменті ғимаратынан 53 автомат, 367 тапанша, 1 гранатомет, 23 мыңнан астам патрондар ұрланды. Ал, Жамбыл облысында 200 автомат, 148 тапанша, 11 гранатомет, 1 пулемет және 40 мыңға жуық патрон ұрланған", – деді спикер.

Бас прокуратура өкілі резиденциядағы қиратуралардан кейін 130 дана қару мен оқ-дәрілердің жетіспеушілігі анықталғанын да атап өтті. Соның ішінде 80 граната, 17 тапанша, 11 автомат, 21 гранатомет, снайпер мылтығы бар. Сонымен қатар қару-жарақ қоймалары табылып, оларға қатысы бар адамдар да анықталып жатқан көрінеді. 

"Қазіргі уақытта 481 бірлік қару табылды. Бұл барлық ұрланған қарудың үштен бірі. Қалғандары қылмыскерлердің қолында", – деді Елдос Қилымжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу