Съезде мемлекеттік органдар мен "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйелерін интеграциялау туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының "Бизнеске арналған үкімет" жобасын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында "Атамекен" ҰКП бизнестің цифрлық экожүйесін құру жұмыстарын жалғастыра береді. Цифрлық экожүйеде кәсіпкерлер қызметтер кешенін қолданып, өтінімдер жіберіп, кері байланыс ала алады.
Жиналыста Үкімет пен "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесе отырып, дағдарысқа қарсы бірқатар шара қабылданып, іске асырып жатқаны да айтылды.
"Бизнеске салықтар және несие төлемдері бойынша шегерім берілді, 700 мыңнан астам кәсіпкер еңбекақы қорына салық пен төлемдерден босатылды, жеңілдікпен несиелеу, жұмыс орындарын ашуға және сақтауға қаржы бөлінді", – дейді Ұлттық кәсіпкерлер палатасында.
Нұржан Көшкін