Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың мемлекеттік сатып алуындағы қазақстандық қамту үлесі 58%-дан асты

1155

Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың мемлекеттік сатып алуындағы қазақстандық қамту үлесі 58%-дан асты

Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың мемлекеттік сатып алуындағы жергілікті қамту үлесі биылғы жылдың 9 айының ішінде 58,3% құрады. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек "Ұлы дала елі" отандық өндірушілердің II форумында мәлім етті, деп хабарлайды pm.kz.

"NADLoC" жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ деректері бойынша сатып алудағы жергілікті қамту үлесі ағымдағы жылғы 9 ай ішінде 58,3% құрады. Сонымен қатар, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жалпы сатып алу өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 трлн 596 млрд теңгеге артты. Алайда, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қазақстандық қамтудың аралық көрсеткіші 7,7% төмендеген. Осы кезеңде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мен сатып алудағы жергілікті қамту пайызының төмендеуінің негізгі себептері теңге бағамының өзгеруі, импорттық шикізат сатып алудың ұлғаюы болып табылады, шамамен 35%-ды құрайды", – деді Ж. Қасымбек.

Министр ҚР Үкіметі индустрияландырудың жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатын, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге қолдау көрсетуді, сонымен қатар, отандық өндірушілермен оларды ұзақмерзімді тапсырыс шарттары мен бір-бірімен байланысты өндірісті құрумен қамтудың нүктелік жұмысын қоса алғанда, отандық өндірушіні қолдау бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатқанын айтып өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу