Мемлекеттік органдар сотта жеңіліп жатыр

596

Сот халықтың құқығын қорғай бастады. Бүгін Әділет министрінің орынбасары айтқан мәлімет осындай ойға жетелейді. 

Мемлекеттік органдар сотта жеңіліп жатыр Фото: baq.kz

Алма Мұқанованың сөзіне сенсек, "Рәсімдік-процестік кодекске" енгізілген өзгертулер нәтижесінде мемлекеттік органдар сотта жиі жеңіле бастаған. Олай деуге соңғы уақыттағы мемлекеттік мекемелермен арадағы даулардың 52 пайызы азаматтардың пайдасына шешілгені дәлел болып отыр. Бұған дейін халықтың сотта жеңген сәттері әлдеқайда аз болған көрінеді. 

"Өздеріңіз білетіндей, кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін мемлекеттік органдарда азаматтармен және заңды тұлғалармен дауларда ұтылған істердің мұндай сыни көрсеткіштері болмаған. Мысалы, бұрын мемлекеттік органдар азаматтық істердің 85%-ға жуығын жеңіп алған", дейді ҚР Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу