Мемлекеттік органдар заң жобалау жұмысын нашар орындайды — Әділет министрлігі

299

Мысалы, Су кодексінің жоспарға сәйкес енгізу мерзімдері екі рет түзетіліп, сондай-ақ Үкіметке мерзімі бұзыла отырып енгізілді. 

Мемлекеттік органдар заң жобалау жұмысын нашар орындайды — Әділет министрлігі Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Жоспардан тыс 18 заң жобасы әзірленді, 70-ке жуық жекелеген түзету топтамасына бастамашылық жасалды, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚР Үкімет отырысындағы Әділет министрі Азамат Есқараев баяндамасына сілтеме жасап.

Жалпы Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспары Парламент Мәжілісіне 32 заң жобасын әзірлеуді және енгізуді көздеді.

Жыл ішінде жоспарға 7 өзгеріс енгізілді.

4 заң жобасы бойынша енгізу мерзімдері ауыстырылды ("Масс-медиа туралы", Су кодексі және олардың ілеспе заң жобалары), мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша заң жобасы алып тасталды (Бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша және "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану бойынша Заң жобасын әзірлеуге байланысты) және 8 жаңа жоба толықтырылды (Бюджет, Құрылыс кодекстері, "Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы", "Масс-медиа туралы" және олардың ілеспе заң жобалары).  

Қазіргі уақытта, 32 жобаның 5-еуіне Мемлекет басшысы қол қойды, 20-сы Парламенттің қарауында, 5-еуі Үкіметтің қарауында (Су кодексі, "Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы" және олардың ілеспе заң жобалары, 1 жоба дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша), 2-еуі мемлекеттік органдарының келісуінде (Құрылыс кодексі және оның ілеспе Заң жобасы).

"Мемлекеттік органдар заң жобалау жұмысын нашар жоспарлануына назар аударғым келеді, оның нәтижесі мерзімдерінің жиі өзгеруі және жоспардан алып тастау болып табылады.

Мысалы, Су кодексінің жоспарға сәйкес енгізу мерзімдері екі рет түзетіліп, сондай-ақ Үкіметке мерзімі бұзыла отырып енгізілді.

Бұдан басқа, жоспардан тыс 18 заң жобасы әзірленді, 70-ке жуық жекелеген түзету топтамасына бастамашылық жасалды, сондай-ақ, бұл заң жобалау жұмысының тиісті жоспарлаудың болмауын көрсетеді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Әлихан Асханұлы, мемлекеттік органдарға заң жобалау жұмысын жоспарлау кезінде болжамды-талдамалық жұмысты күшейтуді тапсыруды сұраймын", — деп түсіндірді Азамат Есқараев.

2024 жылға арналған жоспар жобасы туралы айтар болсақ, 18 заң жобасын әзірлеуді көзделген, оның ішінде Парламентке бірінші жартыжылдықта – 3, екінші жартыжылдықта – 15 заң жобасын енгізу жоспарлануда. Аталған заң жобаларының консультативтік құжаттары ведомствоаралық комиссияда мақұлданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу