Мемлекеттік органдар жеңіл автокөлік сатып алуға 15 млрд теңге жұмсады

945

"В" санатындағы автокөліктер 4,6 млн теңгеге сатып алынады. 

Мемлекеттік органдар жеңіл автокөлік сатып алуға 15 млрд теңге жұмсады

Қыруар қаржы былтыр шығындалған. Бұл туралы қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алулар заңнамасы департаментінің директоры Сәбит Ахметов айтты. 

"Мемлекеттік органдар сатып алатын жеңіл автомобильдердің орташа құны 4,6 млн теңгені құрайды. Мұндай бағаға "В" санатындағы автокөліктер сатып алынады", – деді департамент директоры.

Оның сөзінше, Мемлекет басшысы мораторий жариялағаннан бері мемлекеттік органдардың қызметтік көлік сатып алуы 3 есе қысқарған. 

Сәбит Ахметовтың сөзінше, 2019 жылы мемлекеттік сатып алулар аясында мемлекеттік органдар 4,5 мың автокөлік сатып алған. 

"Оның ішінде шамамен 15 млрд теңге жеңіл автокөлік сатып алуға жұмсалды. Қалғаны коммуналдық қызметке арналған арнайы техникалар яғни трактор, бульдозер, тазалыққа арналған көлік құралдары болды", – деді департамент директоры. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу