Мемлекеттік органдарда басшылық лауазым санының артық болу деректері жиі кездеседі

425

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2023 жылы ауыл шаруашылығы, экология және табиғи ресурстар министрліктерінің қызметіне талдауды аяқтады. 

Мемлекеттік органдарда басшылық лауазым санының артық болу деректері жиі кездеседі Фото: freepik

Бұл туралы агенттік төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Салауат Мүксімовтің сөзінше, ауыл шаруашылығы, экология және табиғи ресурстар салаларындағы талдау нәтижелері бойынша 300-ге жуық функцияны оңтайландыруға, түрлі деңгейдегі 100-ге жуық комиссияларды қысқартуға, орталық аппараттың функцияларын өңірлік функцияларға беруге бағытталған 128 ұсыныс әзірленді.

"Мемлекеттік органдарда басшылық лауазым санының артық болу деректері жиі кездеседі. Өз кезегінде бұл басшылық құрамға жүктемені азайтып, басқарудың тиімділігі мен жеделдігін төмендетеді, қызметкерлерді ынталандыруда қаржылық мүмкіндіктерді азайтады. Мәселен, экология және табиғи ресурстар министрлігінің орталық аппаратындағы штат саны 122 бірлікті құрайды. Оның ішінде 61-і басшылық лауазым болса, орындаушы қызметкерлердің саны да осындай. Басшылық пен орындаушылық лауазымдардың қатынасы бірге бір болып тұр. Сонымен қатар бұл министрліктің құрылымындағы жеке департаментте басшы мен орындаушы қызметкерлердің қатынасы төрт те бір. Яғни 4 басшы, 1 орындаушы. Атап айтқанда, директор, директордың орынбасары, екі басқарма басшысы және бір ғана бас сарапшы бар", - деп түсіндірді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу