Елімізде мемлекеттік органдардың бірыңғай сайты жасалады. Демек, мемлекеттік мекемелердің сайтындағы ақпараттар бір порталға жинақталады. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken business.
Министрдің айтуынша, бұл қадам мемлекеттік мекемелердің ресми сайттарына жұмсалатын қаражатты айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік бермек. Ал тәжірибе Ұлыбританиядан енгізіліп отыр. Қазір Канада, Жаңа Зеландия сияқты мемлекеттерде де ортақ ресурс бар. Осылайша азаматтар үшін ыңғайлы болмақ. Мұның пайдасы "Бір терезе" қызметін қолданушыға бар ақпаратты бір сайттан алуына мүмкіндік береді.