Мемлекеттік органдардың сайттарына хакерлік шабуыл жасалды

1137

Соңғы 3 жылда "Киберқалқан" жобасына  28 млрд теңге бөлінген.

Мемлекеттік органдардың сайттарына хакерлік шабуыл жасалды

Елімізге тағы да хакерлік шабуыл жасалды. Интернеттің шетелдік сегменті мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлар ресурстарын нысанаға алған. Яғни, хакерлер DDoS бағдарламасының әрекетімен "электронды үкімет" порталдарына зиян келтірді. Ақпаратты "Мемлекеттік техникалық қызмет" мекемесі ресми растады, деп хабарлайды Atameken Business. 

Белгілі болғандай, мемлекеттік сектордың интернет-ресурстарына жасалған хакерлік шабуыл әлемнің 48 еліндегі 550-ден астам IP-мекенжай бойынша жүргізілген. Қазіргі уақытта шабуылдың ресурстарға әсерін азайту және оны толығымен оқшаулау бойынша шаралар қабылдануда.

Соңғы 3 жылда "Киберқалқан" жобасына 28 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы Atameken Business тілшілеріне цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министлігінің баспасөз қызметіндегілер хабарлады. Оның қайда, қалай жұмсалғаны туралы ақпаратты жауапты министрлік кешке дейін жіберуге уәде берді.

Айта кетсек, "Киберқалқан" – интернет желісіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мемлекеттік тұжырымдама. Ол осыдан 3 жыл бұрын іске қосылған.

Соңғы кездері кибершабуылдар саны тым көбейген. Мысалы, былтырғы жылы 21 мыңнан астамы тіркеліпті. Көбінесе компьютерлік желілерді қашықтан басқару арқылы желіге вирус кіргізетін ботнеттер арқылы таралады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу