Барлық министрлікке ортақ бір портал ашылмақ. Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев тілшілерге берген сұхбатында үкіметтік деңгейде ірі жоба әзірленіп жатқанын жеткізді.
Оның айтуынша, алдағы уақытта мемлекеттік органдардың жекелеген сайттары жаппай жабылады. Сәйкесінше, ел тұрғындары сансыз ғаламтор беттерін шарлап бас қатырмай, қажетті қызметтерді бір жерден алатын болады. Әзірге, бағдарлама ішіне денсаулық сақтау, еңбек, білім, қаржы, ақпарат және коммуникация министрліктері енгізілген.
Келер жылдан бастап, қалған ведомстволардың басын біріктіріп, пилоттық деңгейде іске қосу жоспарлануда. Игі жоба толықтай өз ісін 2020 жылы бастайды деп күтілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу