Мемлекеттік органдардың жүйесі 130 рет істен шыққан

1293

Үкімет басшысы бірыңғай платформаға көшуді тапсырды. 

Мемлекеттік органдардың жүйесі 130 рет істен шыққан

Мемлекеттік органдардың ресми ресурстарын біріктіру үшін бірыңғай платформа құру қажет. Үкімет басшысы Асқар Мамин осылай деді. 

Оның сөзінше, биыл мемлекеттік органдардың жүйесі 130 рет істен шыққан. Техникалық ақаулықтың салдарынан ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері және құқықтық статистика комитеті түрлі қиындыққа тап болған. 

"Ведомстволық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін бақылап, мониторингті көрсету мақсатында жауапты басшыларға осы мәселеге жетекшілік ететін орынбасарды дербес жауапты етуді тапсырамын. Бұл шара дер кезінде қолға алынып отыр. Сондықтан, барлық орталық мемлекеттік органға  жыл соңына дейін бірыңғай платформаға көшуді тапсырамын", – деді Асқар Мамин.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу