Мемлекеттік органдарға шетелдік көлік пен жиһаз сатып алуға тыйым салынды

1509

Үкімет мемлекеттік органдарға шетелден жиһаз бен автокөлік сатып алуға уақытша тыйым салды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Мемлекеттік органдарға шетелдік көлік пен жиһаз сатып алуға тыйым салынды

Тиісті қаулы бүгін қабылданды. Шектеу 2 жылға енгізіліп отыр. Осы уақыт аралығында мемлекеттік органдар машина жасау, жиһаз бен жеңіл өнеркәсіп тауарларын тек қазақстандық өндірушілерден алуға міндетті. Бұл шетел өндірушілері біздің мемлекеттік сатып алуларға қатыса алмайды деген сөз. Мұндағы мақсат отандық кәсіпорындардың жүктемесін арттырып, өзіміздің өндірісті одан әрі дамыту.

Мараторийге іліккен тауарлардың тізімінде лифтілер, эскалаторлар, комбайндар, тракторлар, газ және электр құрылғылары мен арнайы техника да бар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу