Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің орташа жалақысы өсті

448

12 мың штаттық қызметкерге лауазымдық еңбекақының жүз пайызы мөлшерінде қосымша ақы төлеу белгіленген. 

Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің орташа жалақысы өсті Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мәжілісте өткен Үкімет сағатында мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің жалақы мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әлеуметтік мәселені шешу аясында өткен жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік орман күзеті қызметкерлеріне лауазымдық еңбекақының 100% мөлшерінде қосымша ақы төлеу белгіленді. Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің орташа жалақысы 129 мың теңгеден 250 мың теңгеге дейін ұлғайды. Қалған қызметкерлерге министрлік пен кәсіподақ арасындағы Келісім шеңберінде өткен жылы 75% қосымша ақы қарастырылды", - деді министр.

Ведомство басшысының дерегінше, 12 876 штаттық қызметкерге лауазымдық еңбекақының жүз пайызы мөлшерінде қосымша ақы төлеу белгіленген. Оның ішінде мемлекеттік орман күзеті қызметі, табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторлары бар.

"Орман өрт сөндіру станцияларының барлық қызметкеріне 100% қосымша ақы төлеу мақсатында Үкімет қаулысының жобасы әзірленді. Жоба уәкілетті органдармен алдын ала келісілді. Қаулы жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен келісу рәсімдері аяқталып, республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысын алғаннан кейін Үкіметке енгізілетін болады", - деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу