Мемлекеттік рәміздер күніне арналған челлендж өтеді

2262

Шараға елорда тұрғындарының барлығы қатыса алады.

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған челлендж өтеді

Елорда тұрғындары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін сағат 10:00-де ел астанасында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған челлендж өтеді. Азаматтар елдің басты әнұранын айтып, бір-біріне жолдайды.

 #МеніңТуым #МемлекеттікРәміздер #БізБіргеміз #МеніңЕлімҚазақстан хэштегтерін қолдана отырып, видеолар азаматтардың жеке парақшаларында, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі мемлекеттік және ведомстволық бағынысты мекемелердің парақшаларында жарияланады.

Бейнероликтер патриоттық сезімді, елорда тұрғындарының бірлігін нығайтуға арналған және мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетудің көрінісі.

Шараға елорда тұрғындарының барлығы үн қоса алады. Акция Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі бастамасымен өтеді.

Сондай-ақ "Астана жастары" КММ 4 маусым күні қала көшелерімен 20 автомобиль мен 10 мотоцикл қатысатын митинг өткізуді жоспарлап отыр.  

Еске сала кетейік, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу