– Мәдениет және ақпарат министрлігі заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібін егжей-тегжейлі реттеуге қатысты жұмыстарды жүргізеді. Сондай-ақ, нормативтік актілерге қажетті өзгерістер енгізіліп, көрнекі нұсқаулықтар дайындалады. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында мемлекеттік рәміздерге ерекше құрмет көрсететін азаматтарды қосымша ынталандыру шаралары әзірленеді, – дейді министр.
Вице-премьер Қазақстан тәуелсіздік тұғырын одан әрі нығайтуды көздейтін тарихи белеске өткенін атап өтті.
– Бұл үлкен идеологиялық мақсаттар мен игі істер – мемлекеттің адами әлеуеті мен халықтың күнделікті жағдайының тұрақтылығын талап етеді. Міне, осы орайда ел Президенті Үкіметтің әлеуметтік саясатын ерекше атап, бұл саладағы бірінші кезекте шешілуі тиіс мәселелерді атап өтті, – деді Аида Балаева.