Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын тойлау аясында ел бойынша 180-нен астам іс-шара ұйымдастырылады

1127

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлімдеді, деп хабарлайлы inbusiness.kz.

Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын тойлау аясында ел бойынша 180-нен астам іс-шара ұйымдастырылады

"Бүгінде мерекелеу концепциясына байланысты әрбір өңірде облыс әкімі жанындағы ҚР мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырыстары ұйымдастырылуда, мәдениет үйлерінде және кітапханаларда ай сайын тақырыптық бағытта іс-шаралар өткізіледі. Жыл басынан бері жастар арасында патриоттық сезімді нығайту мақсатында барлық кітапханаларда "Менің рәміздерім, менің мақтанышым" атты кешенді кітап көрмелері ұйымдастырылды. Іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге шығармашылық және ғылыми интеллигенция өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, жастар және үкіметтік емес ұйымдары, "Amanat" партиясы, Қазақстан халқы Ассамблеясы және жастар кеңінен тартылуда", – деді спикер.

Сонымен қатар Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция, Нұр-Сұлтан қаласында "Атамекен" этномемориалдық саябағындағы ең биік тутұғырда Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, республика бойынша Мемлекеттік Гимнді орындау флешмобы сынды маңызды іс-шаралар ұйымдастырылады. Сондай-ақ 4 маусым күні республикалық Патриоттар форумы, авто-мото шеру өткізу жоспарланған. 

Бұдан бөлек, мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған бірыңғай логотип пен арнайы видеороликтер дайындалып өңірлерге таратылды. 

Бүгінде мемлекеттік органдардың ресми сайттарында және әлеуметтік желілерде жариялануда. Мақсат  – мемлекеттік рәміздердің құндылығын халық арасында кеңінен насихаттау.

"Жаңа тарихымыздағы ерекше маңызды оқиғалардың бірі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнінің белгіленуі. 1992 жылы 4 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Гимнінің музыкалық редакциясы туралы" заңдарына қол қойылды. Биыл сол Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толып отыр. Бүгінде өткенге салауат, келешекке аманат етер Гимніміз, халқымыздың тарихи жолын, туған еліміздің тұрмыс-тіршілігін, ұлтымыздың салт-дәстүрін паш етер Елтаңбамыз, қолымызда желбіреген Көк байрағымыз бар. Қазақстанды мекен еткен әр түрлі халық өкілдерінің рухани бірігуіне деген ұмтылысын, болашаққа деген сенімін арттыруды дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының рәміздерінің 30 жылдығы мерзімінде мемлекеттік рәміздердің орынды және стандартқа сай пайдалануының маңызы зор", – деді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу