Үш облысқа мемлекеттік резервтен қосымша арнайы техникалар жіберілді

211

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Үш облысқа мемлекеттік резервтен қосымша арнайы техникалар жіберілді Фото: ТЖМ

Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар броньнан шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік материалдық резервтен қосымша 21 арнайы және автомобиль техникасы, сондай-ақ шатырлар, төсек-орын жабдықтары, ыдыс-аяқ броньнан шығарылып, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстарына жіберілді", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің және "Резерв" РМК қызметкерлері тауарларды мемлекеттік резервтен тәулік бойы беруде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу