Мемлекеттік сатып алу: Бағаны келісіп белгілегендерге 1,7 млрд теңге айыппұлы салынды

603

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин мемлекеттік сатып алу саласында бағаны келісіп белгілеу басты проблема болып тұрғанын мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Мемлекеттік сатып алу: Бағаны келісіп белгілегендерге 1,7 млрд теңге айыппұлы салынды

"2020 жылдың қорытындысы әлі жасалып жатыр. Пандемия әсерін тигізді. Әйтсе де қазірдің өзінде 1,7 млрд теңгенің айыппұлы салынды. 2018-2020 жылдары сауда алаңдарында 55 баға келісімі анықталған", - деді Серік Жұманғарин ҚазАқпарат агенттігінің youtube арнасы арқылы таратылған Оpen Space іс-шарасында.

Агенттік басшысы мысал ретінде ҚазАвтожол ұлттық компаниясын келтірді. Оның айтуынша, автокөлік жолдарын салу нарығы жергілікті әкімдік пен "ҚазАвтоЖол" компаниясының құзырына кіреді. 

"Қазір бізде сот процестері жүріп жатыр. Екі компания 7,2 млрд теңгенің конкурсына қатысқан. Жеңімпаз компания конкурста ұту үшін сатып алу бағасын 4 мың пайызға арзандатқан. Екі компания да араға 14 минут салып бір мезетте өтінім берген. Екеуі бір ІР-мекенжайды қолданған. Яғни екі өтінім де бір компьютерден жолданған. Компаниялар тіпті бір заңды мекенжайда орналасқан. Бір құрылыс консорциумына қарайды. Заттарды бір ғана орындау дайындаған, көрсетілген байланыс нөмірлері де ортақ болып шықты", - дейді Серік Жұманғарин.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу