Мемлекеттік сатып алу кезінде отандық тауарларға басымдылық беріледі

802

Барлық төлем 5 күнде жүзеге асырылады.  

Мемлекеттік сатып алу кезінде отандық тауарларға басымдылық беріледі

Бұл туралы Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Рүстем Әлиев онлайн брифинг барысында мәлімдеді. 

"Отандық тауар өндірушілерін қолдауға бағытталған мемлекеттік сатып алу 31 шілдеге дейін жалғасады. Бұған кейінге қалдыруға болмайтын қызметтер мен алғашқы қажеттілік тауарлары кіреді. Барлық тауарлар бірінші кезекте отандық тауар өндірушілерінің арасынан сатып алынады. Мұнда СТ сертификаттары міндетті түрде ұсынылуы керек. Барлық төлемдер 5 күннің ішінде жүзеге асырылады. Тасымалдаушы карантин шектеулеріне байланысты қызметті толық көлеме көрсете алмаса квази мемлекеттік компаниялар айыппұл санкцияларын қолданбайды", – деді Рүстем Әлиев. 

Айта кетерлігі Алматы қаласында "Жұмыспен қамтудың жол картасы" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында жалпы сомасы 100,2 млрд теңгеге 379 мемлекеттік сатып алу жүргізілген. Мұнда 10,4 млрд теңге үнемделді. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу