Мемлекеттік сатып алу кезіндегі өзгеріс

760

22 наурыздан бастап барлық мемлекеттік сатып алуға қатысатын жекелеген компаниялардың монополиялық жағдайын төмендету үшін жаңа шартты жеңілдіктің өлшемшарттары енгізілді.  

Мемлекеттік сатып алу кезіндегі өзгеріс Фото: gov.kz

Жаңашылдықтар құрылыс нарығын демонополизациялауға және бәсекелестікті дамытуға бағытталған. Енді шартты жеңілдіктерді есептеу кезінде аумақтық белгі және теріс мәндер түріндегі қосымша өлшемшарттар ескеріледі, деп жазады inbusiness.kz.

Жұмыстарды орындау аумағында тіркелген өнім берушіге 1% мөлшерінде шартты жеңілдік беріледі.

Аумақтық белгі құрылыспен байланысты емес жұмыстар (техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және ведомстводан тыс кешенді сараптама жөніндегі жұмыстарды қоспағанда) және құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша 400 мың АЕК-ке дейінгі мемлекеттік сатып алуға қолданылады.

Орындауында мемлекеттік сатып алу туралы шарты бар әлеуетті өнім берушіден әрбір шарт үшін жалпы шартты жеңілдіктің 0,1%-ы алынады.

Теріс мәндер құрылыс-монтаждау жұмыстарына, ведомстводан тыс кешенді сараптама, ТЭН, ЖСҚ әзірлеу жөніндегі жұмыстарына және инжинирингтік қызметтерге қолданылады.

Мемлекет басшысының құрылыс нарығын демонополизациялау тапсырмасы шеңберіндегі атқарылып жатқан жұмыс мемлекеттік сатып алу көлемін біркелкі және әділ бөлуге, шағын және орта бизнестің дамуына мүмкіндік береді және өңірлерде салық түсімдерін ұлғайтуға ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу