Мемлекеттік сатып алу: Құрылысқа байланысты жұмыстарда қоғамдық мониторинг болады

191

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап "Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа заң қолданысқа енгізіледі.  

Мемлекеттік сатып алу: Құрылысқа байланысты жұмыстарда қоғамдық мониторинг болады Фото: МЦФЭР

Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил "Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа заңның негізгі артықшылықтарына тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біріншіден, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректерін кеңінен пайдалану арқылы, өнім берушіні таңдаудың бағалық емес өлшемшарттарын дамыту. Қатысушылардың біліктілігін арттыру үшін, сатып алуды тиісті беделі бар өнім берушілер арасында жүзеге асыру жоспарлануда. Өнім беруші туралы ақпарат, әртүрлі дерек базаларын пайдалана отырып, қалыптастырылады. Бұл сатып алудың барлық түрлері бойынша, баға мен сапа өлшемшарттарын үйлестіре отырып, өнім берушілерді автоматты түрде таңдауға мүмкіндік береді", - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сөзінше, енді құрылысқа байланысты жұмыстар бойынша қоғамдық мониторинг енгізілген.

"Тапсырыс беруші тарапынан, шарттың тиісінше орындалуын бақылау, құрылыс сапасын арттырудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Осы ретте, жұмыстарды орындау кестелері, шарттардың орындалуы бойынша есептер жалпы қолжетімді етіп жарияланып, шарттарды орындау мониторингіне қоғамдық кеңестер тартылатын болады", - деді Дәурен Кеңбеил.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу