Мемлекеттік сатып алу сайты ақылы болмақ

898

 Мемлекеттік сатып алу сайты ақылы болмақ

Бұдан былай мемлекеттік сатып алу сайты ақылы болмақ. Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамалар департаментінің директоры Сәбит Ахметов осылай деді, деп хабарлайды Atameken TV.

Оның пайымдауынша министрлік арнайы заң жобасын әзірлеп үлгерген.

Депутаттар веб-порталды ақылы қылудың екі жолын ұсынған. Біріншісі тек тендер жеңімпаздарынан ғана келісімнің 0,1 пайыздық мөлшеріне тең төлем алу. Екінші нұсқаны бизнес-қауымдастық ұсынған. Ол бойынша тендерге қатысушылардың барлығынан 10 мың теңгеден алу көзделген.

Егер аталған жоба мақұлданса жиналған қаражат веб-порталдың шығындарын жабуға жетеді, дейді мамандар.

Айта кетейік, жыл сайын аталған сайтқа бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу