Бұл туралы Үкіметінің отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті.
"Биылғы жылдың 2 айында 3,4 трлн теңге сомасына 135,5 мыңға жуық мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша 13 943 рәсім бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың 85%-ін орындады. 332 аудиторлық іс-шара өткізілді", – деді Жамаубаев.
Аудитпен шамамен 169 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды. 4,5 млрд теңгеге жуық қаржылық бұзушылықтар анықталды.
"Тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепте көрсету жолымен 1,2 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды. Аудит объектілері қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 332 ұсыным берілді", – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.